Алматыда лифті шахтасына құлаған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда лифт шахтасына құлап, ауыр жарақат алған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№7 аурухананың политравма бөлімінде жатқан жігіт сол жантүршігерлік оқиғаны былайша есіне алды.

Ринат Тоғжанов Алматыға ағасымен бірге әкесін емдетуге Өскеменнен сапарлап келе жатқан.

null  Жолда Талдықорған қаласының тұсында әкесінің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған кезде әкесінің жан тапсырғаны белгілі болған.

Талдықорғанда 1 күн болған соң ағайындылар әкесінің денесін Алматыға алып келген.

«Біз әкеміздің жаназасына келдік. таңғы 9 шамасында марқұм әкемізді 5 қабаттан лифт арқылы түсірмек болдық.

nullЛифтіге мен, ағам, немере ағам әкеміңіздің денесін көтеріп кірдік. Осы сәтте лифт өзінен өзі 5-4 қабаттардың арасында тоқтап қалды. Есіміз шыққан біз дабылды баса бастадық. Әйтеуір есікті ашқан соң, басқаларының бәрі шығып кетті. Мен шығып бара жатқанда аяғым тайып шахтаға құлап кеттім. Одан арғысы есімде жоқ. Жедел жәрдем көлігінде бірақ есімді жидым», - деді Ринат Тоғжанов.

Ер адам қазір №7 ауруханада политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның 7 қабырғасы, омыртқа сүйектері, жілігі сынып кеткен. Сонымен қатар, көкбауырына зақым келген.

 

 

Соңғы жаңалықтар