Алматыда Lexus-пен соқтығысқан Camry автокөлігі аударылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби даңғылының жоғары тұсындағы Мирас көшесінде Lexus RX көлігімен соқтығысқан Toyota Camry аударылып қалды, деп хабарлайды Motor.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Camry жүргізуші аса жоғары жылдамдықпен тауға қарай бет алған. Дәл осы сәтте тұрғын үй кешені жақтан шыққан кроссовер жүргізушісі солға бұрылғысы келді. Бұрылыс кезінде Toyota-ны іліп әкетіп, оң жақтағы бордюрге бір-ақ лақтырды.

Қатты соққыдан Camry аударылып қалды. Жол-көлік апатынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Түрлі жарақат алған жүргізушіні жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар