Алматыда Лексус бағанға соғылып, жүргізушісі көз жұмды
2018 жылғы 9 ақпан 10:21

Алматыда Лексус бағанға соғылып, жүргізушісі көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Сүйінбай даңғылы мен Богдан Хмельницкий көшесінің қиылысында Лексус көлігі бағанға соғылып, жүргізуші ауыр жарақаттан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Лексус көлігі солтүстік бағытта келе жатқан.

«Жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатты. Рөлге ие бола алмаған болуы мүмкін. Көлігі сырғып барып, көше шамдарының бағанына соғылды», - деді оқиға куәгері.

Қатты соққыдан көліктің алдыңғы бөлігі бүктеліп қалған. Оқиға орнына құтқарушылар шақыртылып, майысқан темірлерді кесіп, ішінен жүргізушіні шығарған.

Жүргізушінің есін жимастан ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
null null


null

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT