Алматыда лай көшкіні жүрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай ауданында лай көшкіні жүрді. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметі растады.

Төтенше жағдай бүгін таңертеңгі 8:29-да "Алма" бау-бақша қоғамында орын алған.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, су жиналу салдарынан бау-бақша учаскесіндегі топырақ дымқылданып, соның салдарынан жолдың бұрылысында лай көшкіні жүрді.

"Қазселденқорғау" ММ-нің техникалары лай массасы жүруінің салдарын жедел түрде жойған. Қазіргі уақытта бұрылыс бөлігі қалпына келтірілді.

Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар