Алматыда лауазымды тұлға аялдамадағы заңсыз диспетчерлермен ымыралас болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автошеру басшысы аялдамаларда тұратын заңсыз диспетчерлермен байланыста болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, өткен аптада Алматы аялдамаларында заңсыз жұмыс істеп келген 7 диспетчер ұсталды. «Реттеушілер» Төле би-Сейфуллин көшелері қиылысы маңындағы аялдамаларда «қызмет етіп» келген.

Ұсталғандар "Green bus" кәсіпорнының автоколоннасының басшысы Аятхан Шалтанбаевпен байланыста болғандарын айтты.

Компания басшылығы лауазымды тұлғаның жұмыстан қуылатынын, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Айта кету керек, заңсыз диспетчерлер аялдамаларда тұрып, автобус жүргізушілеріне маршрут кестесі туралы ақпарат айтып тұрады.

Солардың кесірінен автобустар арасында интервал бұзылып, өзара бәйгеге түсіп жатады.

Алматы әкімдігі бұл делдалдардың қызметімен күресуге ниетті.

Айта кету керек, Алматы билігі автобустар қозғалысын толықтай электронды бақылауға көшірмекші.

Жыл соңына дейін аялдамаларда алғашқы электронды табло пайда болады. Электронды таблоларда қоғамдық көлік қозғалысының кестесі көрсетілетін болады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчановтың айтуынша, 200 мыңнан астам тұтынушы онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы біліп отырады.

 

Соңғы жаңалықтар