Алматыда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 1237 адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы жағдай туралы қысқаша мағлұмат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатура мәліметінше, қаладағы мына аймақтар қылмыскерлерден тазартылды: Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1237 қатысушысы ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1428 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 38 адам ұсталды «102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, комендатураның колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті.


Соңғы жаңалықтар