Алматыда лагерьге жолдаманы электронды түрде алуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірінші рет қала сыртындағы балалар лагеріне жолдаманы электронды түрде алу мүмкіндігі іске қосылды. Дегенмен, бұл тізімге барлық баланы ала бермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық білім басқармасында хабарлағандай, балалардың лагерьде демалуына жергілікті бюджеттен 232 млн теңге бөлінген. Бұл 400-ден астам баланы тегін демалыспен қамтуға жетеді.

2019 жылы қала сыртындағы лагерьде демалуға өтінішті тек жеңілдігі бар азаматтар ғана бере алады. Бұл - аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балдырғандар. Бүгінгі таңда 4 лагерь жеткіншектерді қабылдауға дайын тұр.

Соңғы жаңалықтар