Алматыда «Лада» аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Лада көлігі аударылып, 3 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Қаскелең тас жолының 25 шақырымында болған.
null 

«Лада» көлігі Ипподром бұрылысынан басты жолға шықпақ болған. Сол кезде тас жолмен жүйткіп келе жатқан Тойота тоқтауға үлгермей Ладаны бүйірден ұрады. Соққыдан Лада жол шетіндегі арық жаққа ұшып кетіп, төңкеріліп қалды.

Жол апатынан Ладаның жолаушысы мен жүргізушісі, Тойота жүргізушісі жапа шекті.

Қазір оқиға орнында жол полициясы апат салдарын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар