+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда қызылша ауруы өршіп тұр

2018 жылғы 20 қараша 14:19
Бөлісіңіз:
Алматыда қызылша ауруы өршіп тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жұқпалы аурулар ауруханасына қызылша жұқпасымен келушілердің саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық дәрігерлер жұқпалы қызылша ауруынан сақтану жолдары туралы айтып берді.

Қызылша - өте өткір жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан жұғады. Жұқпаны жұқтырған адам 7-ші күннен бастап айналасына қауіп төндіре бастайды. Адамның денесіне қызыл бөртпелер шыққаннан бастап арада 4 күн өткенде жұқпаның ауаға таралуы тоқтайды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ал екпе қабылдамаған адамдарға бұл ауру балаларға қарағанда екі есе ауыр тиеді.

Көктем-қыста қызылша ауруы көп белең алады. Ал тамыз-қыркүйекте бәсеңдейді.

«Қызылшаны басқа аурулардан ажырату оңай. Басында алғашқы белгілері жай тұмаумен бірдей болады. Дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі, тағы басқа белгілері бар. Содан кейін азу тістердің түбінен қызыл бөртпелер шыға бастайды. Вирус шырышты қабықты бұзады. Бұл қызылшаның басқа аурулардан айырмашылығын білдіреді»,- деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер қызылша ауруын жұқтырмас үшін екпе алмаған азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармау жөнінде кеңес береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT