Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 24 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

СOVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижелі алматылықтар қоғамдық орындарға, Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға барған.

Атап айтқанда, ХҚКО, мейрамхана, фитнес орталық, әуежай, кинотеатр, компьютер клубы, мектеп, балабақша, мектеп интернат, боулинг, авто орталық, қонақ үйлер, сұлулық салоны және тағы басқа нысандардың қызметін пайдалануға тырысқан.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторияда ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар