+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 169 адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 22 қазан 16:52
Бөлісіңіз:
Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 169 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 169 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамы дерттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін - эпидемиолог Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай жүріп жатыр

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 169 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

СOVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижелі алматылықтар қоғамдық орындарға, Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға барған.

Атап айтқанда, ХҚКО, мейрамхана, фитнес орталық, әуежай, кинотеатр, компьютер клубы, мектеп, балабақша, мектеп интернат, боулинг, авто орталық, қонақ үйлер, сұлулық салоны және тағы басқа нысандардың қызметін пайдалануға тырысқан. «Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді. Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулатория ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT