Алматыда «қызыл» мәртебе талабын бұзған 86 адамның тізімі жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ashyq қосымшасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 86 адамның рұқсат етілмеген орындарға келгені әшкереленген. Олардың тізімі қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың мәліметіне сүйенсек, құқық бұзушылардың бәрі 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеген.

«Тағы 86 тұрғынның «қызыл» мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға келгені анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Бұл жолғы ұсталғандардың ішінде карантин талаптарын екінші рет бұзған екі адам бар», - деді Сәдуақас Байғабылов.


Соңғы жаңалықтар