Алматыда Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай қоғамының декларациясы қабылданады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алғаш рет Орталық Азияда Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Х еуропалық конференциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 54 елінен келген сарапшылар Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай халықаралық декларациясын қабылдауға дайындалып жатыр.

Халықаралық конференцияны ашқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып берді. Онда ұйымның заманауи өткір проблемаларды шешудегі, әскери шиеленістер мен табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетудегі ерекше рөлі атап көрсетілген.

«Қазақстан Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысына оның толық құқылы қатысушысы ретінде орасан көмек көрсетуде. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміз қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнықтыруға ықпал етуде. Тек өзара сенімге, құрметке және түсіністікке негізделген іс- қимыл ғана барша адамзатты басты мақсатқа жетелейді. Конференция қорытындысы бойынша қабылданатын Алматы декларациясының гуманитарлық дағдарыстарды жеңудің және көмек пен қолдауға зәру жандардың өмірін жақсартудың тиімді жолдарын іздестіруге маңызды үлес қосатынына сенімдімін», - делінген үндеуде.

Конференция барысында Бауыржан Байбек Алматының іскерлік келіссөздер мен халықаралық бизнес- кездесулердің бас қосу алаңына айналғанын атап өтті.

Тек жыл басынан бері қарай мегаполисте ЭЫДҰ-ның «Еуразия апталығы»,ТМД елдері үкімет басшыларының қатысуымен цифрландыру форумы өтті. Ал күзде бірқатар айтулы халықаралық шаралар, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясының 40 жылдығына және Еуропадағы «Салауатты қалалар» желісінің 30 жылдығына арналған конференциялар өтеді.

«Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен көпэтносты Қазақстан халқы бейбітшілік пен тұрақтылықты және қарқынды экономикалық дамуды таңдады. Бүгінгі таңда Қазақстан - Таулы Қарабах пен Тәжікстаннан бастап Иран мен Сирияға дейінгі түйткілді мәселелер мен даулы кикілжіңдерді шешу мәселесінде медиатор ретінде танылған еуразиялық бірден-бір мемлекет. Соңғы жылдардың өзінде Ислам конференциясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдарына табысты төрағалық етті. Біз осы күзде Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе отырып Өңірлік хаб ашатын боламыз. Алғашқы кезеңде мұнда 20-ға жуық халықаралық ұйым мен агенттік жұмыс істейтін болады», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай халықаралық федерациясының президенті Франческо Рокка Алматы декларациясының алдағы төрт жылда ұйым үшін басшылыққа алатын басты құжаттардың біріне айналатынын айтты. Соңғы рет мұндай декларация 2014 жылы Италияның Флоренциясында қабылданған еді.

«17 миллионнан астам еріктінің жұмысы арқасында біз әлемдегі ірі гуманитарлық жүйе болып отырмыз. Дегенмен, біздің бастамаларымыздың жемісті болуы жергілікті өңірлердің жұмысы мен сапасына тікелей байланысты. Біздің ұйымның жұмысын жоғары бағалаған Қазақстанға ерекше алғыс білдіреміз», - деп қорытындылады сөзін Франческо Рокка.
nullnull

Соңғы жаңалықтар