Алматыда қыз-келіншектерді пышақпен қорқытып зорлаған қылмыскер сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қыздарды пышақпен қорқытып, зорлап жүрген ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Баум» тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлап жүрген ер адам сотталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

1991 жылы туған Айдарханов ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі «Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотталды», – деп жазды ол.

30 жастағы жігіт тоғайда қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлаған.

Тергеу барысында күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталды.

Тергеуді Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері жүргізді.


Соңғы жаңалықтар