Алматыда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ЮНЕСКО ұлттық клубтары федерациясы «Балалар сурет салады. Орталық Азия» халықаралық фестивалі аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат ЮНЕСКО қорының 70 жылдығына орай Орта Азиядағы клуб қозғалысының мүшелерінің арасында рәсімделді.

«Қазіргі таңда ЮНЕСКО бастамасымен 32 клуб, онда 3 мыңға жуық белсенді азаматтар жұмыс жасауда. Олар болашақ ұрпақтың санасын қалыптастыруда біршама үлкен шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде «Жер - біздің ортақ үйіміз» байқауы бар», - деді ЮНЕСКО Қазақстандық клубтары ұлттық федерациясының президенті Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ, отырыс барысында 2014 жылы жасалған жұмыстар қорытындыланып, 2015 жылға жоспар құрылды.

Олардың айтуынша, биыл Қазақстанда «Балалар - әлем ырғағында» шығармашылық байқауы өткізіледі. Оған кез келген қазақстандық қатыса алады. Комиссия мүшелері әр қалаға барып, ең үздік қатысушыларды іріктеп алмақ.

Соңғы жаңалықтар