Алматыда Қырғызстан азаматшасы өзінің жерлесін жыныстық қызметке мәжбүрлеп келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қырғызстан азаматшасы өзінің жерлесін жыныстық қызметке мәжбүрлеп келген. Бұл дерек Бостандық аудандық ІІБ мен қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының біріккен әрекетінің арқасында анықталды.

«Керемет» шағын ауданында кешкі 9 шамасында Қырғыз елінің 32 жастағы азаматшасы ұсталған. Тексеру барысында ол өзінің 18 жастағы отандасын жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келгені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 308-бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар