Алматыда қырғыз мемлекеттік нөмірімен 215 машина ұсталды -Кедендік бақылау департаменті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері қырғыз мемлекеттік нөмірімен 215 машина ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында қалалық қедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары Игорь Тен айтты.

«Биыл жыл басынан бері Алматыға енген қырғыз мемлекеттік нөмірлі 215 автокөлік ұсталды. Олардың ішінде 131 азаматқа көлік құралын заңсыз тасымалдағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 430 бабының 1, 2 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазір 133 Қазақстан азаматына қатысты материалдар ауданаралық мамандандырылған сотта қаралып жатыр. 51 іс бойынша шешім шығарылып, 490 080 теңге көлемінде айыппұл салынған. 48 автокөліктің ҚР ҚК 325 бабына сәйкес қылмысқа қатысы барлығы тексерілуде», - деді қалалық кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары Игорь Тен.

Маманның айтуынша, шетелдік азаматтар шетелдік көліктерді ҚР «Кеден ісі туралы» кодексінде көрсетілген нормаларға сай әкелуге құқылы. Біріншіден, шетел азаматы «шетелдік көліктерді» ҚР территориясында 1 жыл ішінде ғана әрі талап етілген кедендік төлемдерді төлеу арқылы пайдалануға құқығы бар. Қазақстан азаматтары көлікті кіргізер кезде қаржылық кепілдеме төлеуі керек және олар көлікті 6 ай көлемінде ғана пайдалануға құқылы.

«Қаржылық кепілдеме дегеніміз - кедендік төлемдердің өтелуі, сақтандыру келісім-шарты, банкілік кепілдеме, депозиттерге қаржы аудару, тауарға кепілдік келісім-шарты. Мұндай кепілдеме әлемнің барлық елдерінің кедендік жүйесінде қолданылады», - деп қорытындылады Игорь Тен.

Соңғы жаңалықтар