Алматыда қымбат көлік сатамын деп елді алдаған алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қымбат көлікті бөліп төлеу мүмкіндігімен әкеліп бермек болып, ақшаны иемденіп кеткен адам ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментіне күдіктінің атына бірнеше арыз түскен.

«49 жастағы ер адам адамдарға қымбат көліктердің суретін көрсетіп, оларды бөліп төлеу мүмкіндігімен алып беремін деп алдаған. Осылайша клиенттерінен алдымен 300-500 мың теңге көлемінде ақша алған. Сосын көлік күткен клиенттер оны таппай қалған. Нөмірін өзгертіп, жоқ болып кеткен. Қазір ол ұсталып, уақытша оқшаулау орнына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл кісінің әрекетінен жапа шеккен азаматтар босла, 8 701 833 33 90 және 254-48-75 нөміріне хабарлассын» - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Қуаныш Күдебаев.


Соңғы жаңалықтар