+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда қымбат көлік әперемін деп елден 31 млн 200 мың теңге жинап алған алаяқ ұсталды

2016 жылғы 16 мамыр 09:10
Бөлісіңіз:
Алматыда қымбат көлік әперемін деп елден 31 млн 200 мың  теңге жинап алған алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 39 жастағы Чалбасов Нұрлан алматылықтарды қымбат көлік әперемін деп алдап, 31 млн теңгесін қолды еткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімі хабарлағандай, күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған.

«2016 жылдың ақпанында ол Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды. Жалған құжатпен шетел аспақ болған. Оның компаниясы сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде кедендік органдарда тіркелмегені анықталды. Яғни, ол о бастан көлік әкелуді емес, адамдардың сеніміне кіріп ақша табуды ойлаған. Егер оның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса, 254-47-62; 254-47-02 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз», - деді Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Азамат Нұрболатов.

Қазір күдікті ІІД уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT