Алматыда қылмыстық топтан құны 2 млрд теңгенің антиквариат заттары алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 14 маусымда ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы МКД Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, жеке басын байыту мақсатында антиквариат заттарының айналымымен айналысқан адамдар тобын ұстауды жүзеге асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 млрд астам теңгені құрайды. Олардың қатарында жалпы құны 261 млн теңгеге 367 шығыс қолжазбасы (ХІ - ХІХ ғ.ғ.) мен литографикалық (ХVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы) кітаптар, құны 1.5 млрд теңгеден артық Пабло Пикассо картинасы, қылыштар, мылтықтар, картиналар, вазалар мен басқа да мәдени-тарихи құндылықтар бар. Тарихи құндылығын нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімімен (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар