Алматыда қылмыс деңгейі 5,4% төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тоғыз айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі на 5,4 % төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов БАҚ өкілдерімен онлайн форматта өткен кездесуде шаһардағы қылмыстық ахуал турақталғанын айтты.

«Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал, ауыр және аса ауыр қылмыстар 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны - 3,9 есеге және қоғамдық орындарда - 3,2 есеге азайды»,- деді Алматының бас полицейі.

Сонымен қатар, ол жол-көлік оқиғаларының 2,8%-ға өскенін атап өтті.

«Оның өсуіне өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер етті. Мысалы, егер қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік жүрсе, онда локдаун кезінде бұл көрсеткіш 5 есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық», - деді Қанат Таймерденов.


Соңғы жаңалықтар