Алматыда КВИ жұқтырған 283 пациент жансақтау бөлімінде жатыр
Соңғы тәулікте қалада 612 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 593, симптомсыз – 19 науқас тіркелді.
Бүкіл емделіп шыққандар – 387, келіп түскені – 220.
«Инфекциялық стационарларда 2 891 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 76 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 283 адам жатыр.
Ал 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 122 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 92 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 409 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 238 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.