Алматыда КВИ көрсеткіші неге өсіп келеді – эпидемиолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиолог КВИ көрсеткішінің өсу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, КВИ көрсеткішінің артуына бірнеше фактор ықпал еткен.

«Наурыз айында коронавирус жұғу көрсеткішінің артуы бірнеше факторға байланысты. Ауа райының жылынғанына орай қала ішіндегі және сыртындағы миграциялық көрсеткіш артты. Көбінесе адамдар қоғамдық көлікте жұқтырып отыр. Сауда орындарында халықтың 22 пайызы жұқтырса, қоғамдық көлікте 18%-ы жұқтырады», - деді брифинг барысында Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, ол қоғамдық көлікте жұқтырған азаматтар ары қарай тізбекті түрде отбасы мүшелеріне де жұқтыратынын айтты (33% отбасында жұқтырған);

- отбасылық мерекелердің артуы – 3% (мұның алдында – 0,2%);

- 1-5 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының аралас оқыту форматына өтуіне байланысты 14 жасқа дейінгі оқушылар арасында жұқтыру көрсеткіші 22,4%-ға артқан. Соңғы 3 күнде 138-ден 169-ға жетті.

Сондай-ақ, симптомсыз жүрген азаматтардың үй карантинін бұзуы, карантин талаптарын сақтамауы ықпал еткен.


Соңғы жаңалықтар