Алматыда күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Қаланың «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС әзірлеген Алматы қаласын 2030-жылға дейін көгалдандыру стратегиясына сәйкес барлық сегіз аудан қамтылды.

Жалпы, 2021 жылы 350 мыңға жуық ағаш егу жоспарланған, оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Қазір қалған 285 мың көшетті отырғызу қолға алынды.

Алматының жаңа аудандарына ерекше назар аударылады. Осылайша ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады.

Бүгінгі күні Түрксіб ауданында 280 түп ағаш отырғызылды. Шығыс айналма мен қарағай тоғайында жұмыстар басталып, 8 мыңнан аса ағаш отырғызуға арналған шұңқыр қазылды.

Сонымен қатар, қалада кез келген алматылыққа ағаш отырғызуға мүмкіндік беретін «Жасыл қала» науқаны жарияланды.


Соңғы жаңалықтар