Алматыда күзетшіні атқан күдікті терезеден секіріп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Бұқар жырау» тұрғын үй кешені күзетшісін мылтықпен атып жарақаттаған күдікті терезеден секіріп кетті. Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде тараған суретте күзетшіге оқ атқан күдіктінің терезеден секіріп кеткен сәті бейнеленген.

Бұған дейін көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне тығылған атқышпен келіссөз жүріп жатқаны, қарулы адам келіссөзден бас тартқаны, оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқаны хабарланған еді.

Айта кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан оқ жарақатын алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған.

Күзетші ауруханада жатыр.

Сәл кейінірек Алматы полициясының қарулы күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқаны жария етілген болатын.


Соңғы жаңалықтар