Алматыда құтқарушыларға пәтер кілті табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаңа жыл қарсаңында қалалық Алматы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов Алатау ауданы индустриялық аймағында жаңадан іске қосылған өрт сөндіру депосының ғимаратында орналасқан жеті қызметтік пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір бөлмелі, екі және үш бөлмелі пәтерлерге орналасқандардың арасында өрт сөндіруші құтқарушылар, бөлімше командирлері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бас мамандары мен инспекторлар бар.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мен үшін қаланың жаңа ауданында жаңа қызметтік пәтерлердің кілттерін тапсыру үлкен мәртебе. Тұрмыс жағдайларын жақсарту гарнизон қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Жаңа деполарды салу кезінде қызметтік тұрғын үй бөлу мүмкіндігінің пайда болуымен әрбір қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданады. Әкімдіктің қолдауымен жеке құрамның тұруы үшін үй-жай қарастырылған жаңа өрт сөндіру бөлімдері салынып жатыр. Біз - мемлекет пен жалпы қоғам талап ететін авариялық-құтқару қызметтерін дамытудың жаңа кезеңін ескере отырып, өрт сөндірушілердің әлеуметтік сипаттағы мәселелерін кезең-кезеңімен шешу үшін бүкіл күш-жігерімізді саламыз», - деді Самат Асаинов.

Екінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Қанағатов Нұржан департамент басшылығына алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарға ашық аспан, амандық пен денсаулық тіледі.


Соңғы жаңалықтар