Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жас жігітті іздеп тапты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жас жігітті іздеп тапты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, ТЖД кезекші нөміріне екі жас жігіттің тауға кеткеннен оралмағаны туралы хабарлама кешкі 22:40-та түскен.
Олар таңғы 9-да Медеу шатқалына, Көкжайлау жазығына қарай кеткен.
Хабарлама түскен соң ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының 6 қызметкері іздеуге шыққан.
Таңғы 7-де іздеу командасы екіге бөлінді.
1-топ Құмбел жақтан іздеуге шықса, 2-топ «Трапеция» асуы жаққа бағыт алды.
Іздеу шараларына Медеу аудандық ІІБ мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері де жұмылдырылды.
Жоғалғандар бүгін таңғы 10.23-те «Горельник» шатқалының маңынан табылды.
Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығынан әрі төтенше жағдайдың қаупінен қалалық ТЖД соңғы рет 24, 25, 31 наурызда ескерту жариялаған болатын. Барлығы жыл басынан бері қалалық ТЖД 14 дабылды ескерту жариялаған.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
-
Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





