Алматыда құтқарушылар өрттен 91 жастағы қарияны далаға көтеріп алып шықты

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат-Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 91 жастағы қарияны далаға көтеріп алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесінде орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 14:15-те түсті.

Бірінші өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 4 минутта, сағат 14: 19-да келіп жетті.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер баспалдақтарды түтін басқанын көрген.

Жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру бойынша құтқару жұмыстары бірдей жүргізілді.


№30 пәтерден өрт сөндірушілер 91 жастағы қарияны алып шықты.

Кейін мәлім болғанындай өрт шатырдағы ағаштың тұтануынан болған.

Өрт сөндіру кезінде барлығы 15 адам эвакуацияланған, олардың 6-уы балалар.

Қызыл жалын 14:31-де ауыздықталып, 14:46-да толықтай сөндірілді.

Тілсіз жау 10 шаршы метр жерді шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ.



Соңғы жаңалықтар