Алматыда құтқарушылар қираған көлікті кесіп жүргізушіні шығарып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатында қираған көліктен жүргізушіні шығару үшін құтқарушылар есікті кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Әл-фараби даңғылында болды. Батыс бағытпен кетіп бара жатқан Тойота Камри көлігі жол шетінде тұрған автокранға соғылған.

Автокран жүргізушісі кранмен жоғары шығып көшені безендірмек болған. Сол мақсатта көліктен шығып, арнайы белгіні қоя бергенде өзіне қарай жүйткіп келе жатқан Камри көлігін көріп, жалтарып үлгерген.

Тойота жүргізушісінің айтуынша, ол жол шетінде көлік тұрғанын соңғы сәтте байқаған.

Тежегішті басып үлгермегендіктен жоғары жылдамдықпен барып автокранға соғылады да айналып кетіп соңынан келе жатқан Фолксвагенді ұрған.

Қатты соққыдан Камридің есігі майысып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есікті арнайы құралмен кесуге мәжбүр болды.

Жол апатынан зардап шеккен жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар