Алматыда құрылысы аяқталмаған үйден өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құрылысы аяқталмаған үйден өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Гоголь мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан "Ұлытау" тұрғын үй кешенінен өрт шыққандығы туралы хабарлама түскі 15:18-де түскен.

Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен 2 арнайы техника аттанды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жердегі резина жабынды өртке оранған. Тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт 50 минут ішінде сөндірілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, Алмалы ауданы Чайковский көшесіндегі 25-үйден өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, 37 пəтер иелері газ плитадағы тамақты өшіруді ұмытып кеткен.

Соңғы жаңалықтар