Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылады

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Зерделі» шағынауданында қисайып кеткен 7 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ салынып бітпеген 2 көпқабатты үй бұзылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерделі» шағынауданында проблемалы 32 үй болған. Бүгінгі күнге іргетасы нығайтылмаған 7 көпқабатты үй қалған еді. Олар жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі», - деді Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Айтуынша, нығайту жұмыстары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының» жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр.

«Сонымен қатар осы аудандағы құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы бар. Мердігермен шартқа қол қойылды, жыл соңына дейін бұл үйлер бұзылады. Осы жерде тұрғындар талқылауынан кейін сквер салынады деп ойлаймыз»,- деді шаһар басшысы.


Соңғы жаңалықтар