Алматыда құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізбеген компанияларға 269 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізбеген компанияларға 269 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Мұхтаров мәлімдеді.

«Мердігер ұйымдар жұмысты сапасыз жүргізгені үшін ҚР ӘҚК 312-бабы бойынша жауапқа тартылады. Жыл басынан бері 55 компанияға 25 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жұмысты дер кезінде тапсырмаған 9 Техникалық бақылаушы компания аттестатынан айрылды. Жыл басынан бері 1 компанияның лицензиясы тоқтатылды. Жалпы, қала бойынша құрылыс жұмыстарын сапасыз жргізген компанияларға 269 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Бақытжан Мұхтаров. Оның айтуынша, 1 қыркүйекке дейін орталық және магистральді көшелерде асфальтті-бетон жабындысы төселіп бітуі тиіс болатын. Көптеген компаниялар үлгермей жатыр. Олардың бірнешеуі тендердің кеш жарияланғанын алға тартса, кейбірі құрылыс материалдарын күтіп уақыт оздырып алған. «Көптеген нысандарда қоршау жүргізілмеген. Нысанға бөгде адамдар кіріп кетуі мүмкін. Кезінде балалардың орға құлап кеткен жағдайлары да болды. Қазылған ордың шеттері бекітілмеген. Құрылыс қоқыстары шығарылмаған. Ақпаратық тақтайшалар қойылмаған», - деді Б.Мұхтаров. Айта кетейік, бүгін қала әкімінің орынбасары кәріз, су құбырын тарту, жылу желілерін жүргізу нысандарында болды. Жұмыс сапары барысында ол нысанды уақытында тапсырмаған көптеген ұйымдарды сынға алып, жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды қатаң ескертті.

Соңғы жаңалықтар