Алматыда құрылыс жабдығы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қонаев» Өндірістік коопреативінің құрылыс нысанында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«3 мамырда түскі сағат 15:53-те Түрксіб ауданындағы «ЮГ Сэль Туркуаз» ЖШС маңындағы құрылыс жабдығы өртке оранған. Қызыл жалын 800 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сол күні сағат 19:37-де ауыздықталды»,- делінген хабарламада.

Төтенше жағдай департаменті хабарлағандай, жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық ТЖД өртке қарсы қызмет жеке құрамының 45 қызметкері мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар