Алматыда құрылыс заттары сақталған қойма өртенді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда GALAKSI GROUP ЖШС-ның құрылыс заттары сақталған қоймасы өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Гүлшат Дәуренбекова хабарлады.

Оның айтуынша, қызыл жалын 600-650 шаршы метрді шарпыған. Өрт туралы хабар 12:26-да түскен болса, 16:40-та тілсіз жау толығымен ауыздықталып болды. Өртке екінші деңгейлі күрделілік санаты берілді. «Су тапшылығын сезіндік. Бірақ Алматы облысынан келген арнайы көліктің, өзіміздің 13 көліктің көмегімен әрі «Алматы Тазалық» МКК-нің үздіксіз су беруінің арқасында өрт сөндірілді», - деді Г.Дәуренбекова. Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнынан 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

Соңғы жаңалықтар