Алматыда құрылыс нысандарының жер сілкінісіне беріктігі тексерілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ғимараттарды паспорттаудың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Қазақстандық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жобалау институнының айтуынша, «Алматыны паспортау» жобасының аясында қаладағы 3 мыңнан аса ғимарат жағдайы тексеріледі.

Сертификаттаудың екінші кезеңіне балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, қоғамдық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлер кіреді.

«Ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын және беріктігін бағалау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - электрондық паспортты құрастыру. Визуалды тексеру нәтижесіндегі деректер күнделікті ГИС бағдарламасының (gdb, shp, xml) электрондық дерекқорына енгізіледі . Бұл объектілер жергілікті координат жүйесіне бекітіледі. Екінші кезең - ғимараттардың сыртқы жағдайын тексеріп, көп пәтерлі үйлер сериясының типтерін, салыну құрылысын анықтаудан тұрады»,-делінген хабарламада.

Паспорттау жер сілкінісі, сел және басқа да табиғи апаттардан қаланы қорғаудың түрлі жоспарын құруға мүмкіндік береді. Сертификаттау аяқталғаннан кейін әрбір объектіге электронды төлқұжат беріледі. Ол  ғимаратты тиімді пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде керек болады.

«2017 жылы ҚазҚСҒЗИ сарапшылары 7027 нысанның жағдайын тексеріп, олардың әрқайсысына электронды паспорт берді. Құжатта көп пәтерлі үйлердің ішін қайта жоспарлау, қабырғаларды ауыстырудың нұсқаулығы жазылған. Сүрілмейтін, пайдалануға жарамдылығы туралы анықтама да бар»,- деді  ҚазҚСҒЗИ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқпаров.

Еске сала кетейік, 31 тамыз күні Алматыда 4 балдық жер сілкінді. 

Соңғы жаңалықтар