Алматыда құрылыс компаниялары үлескерлер тартуға рұқсат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше құрылыс компанияларына  үлескерлер тартуға  рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес іскерлік қатынастар мына шарттардың кез келгені бойынша: кепілдендіру қорының кепілдігін алған жағдайда, екінші деңгейлі банктер жобасына қатысу  немесе   үйдің жобасы жасалғаннан кейін үлескерлердің ақшасын салу арқылы жүзеге асады. Екінші деңгейлі банктің қатысуымен үлескерлерді тарту құқығына тек 3 жылдан аса тәжірибесі бар компаниялар ие бола алады. Олардың  бұған дейін салған құрылыс аумағы 18 мың шаршы метрді құрауы керек. Ал  үйдің қабырғасын салған соң үлескерлерді тартуға кемі 5 жылдан аса тәжірибесі бар, осыған дейін 60 мың квадрат метр құрылыс аумағын салған компаниялардың құқығы бар», - деп хабарлады Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы баспасөз қызметінен.

Осы орайда Алматы қаласы Прокуратурасы құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтың алдын алу үшін ережелер мен ескертпелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сатып алушы тұлғалар құрылыс компанияларымен үлеске отыру туралы шарт жасаспас бұрын тыңғылықты танысып алу керек. Олар өзіне ұсыныс жасаған құрылыс салушылардан заңға сәйкес құжаттарын талап етуге құқылы. Сонымен қатар, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасынан кеңес сұрауға болады.

Айта кетейік, басқарма  сайтында (www.almaty.uaig.kz) үлескерлер тартуға рұқсат алған компаниялар тізімі берілген.

 

Соңғы жаңалықтар