Алматыда құрылыс қарқын алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала құрылысына бйланысты алматылықтардың шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің позициямыз мынандай, қалада ұлтарақтай жер табылып жатса, біз ол жерге көпқабатты үй салғаннан көрі, ол жерде көгалдандырып скверге айналдырамыз. Көпқабатты үй өзгелерге тек кедергі болады. Ал скверде қала тұрғындары демалатын болады. Осыған байланысты біздің арнайы бағдарламамыз да бар. Біз әуелде қаланы жасыл желектендіреміз деген мақсат қойдық. Енді алдағы үш жылда 1 млн ағаш отырғызатын болдық. Біз арнайы топ құрып, шеберлік жоспары құрылып жатыр. Онда қаланың қай жеріне не орналасатыны бегіленеді»,-деді Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Бұл ретте ол Түрксіб, Алатау, Наурызбай аудандарында мүлдем саябақ жоқ екенін айтты.



Авторы: Данияр Дәуіталиев

Соңғы жаңалықтар