Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.



Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17:42 шамасында болған.

«Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, қаңтар айында «Таугүл-1» шағынауданында құрылыс краны құлап, 49 жастағы жұмысшы мерт болған еді.


Соңғы жаңалықтар