Алматыда құрылыс алаңында кран құлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда құрылыс алаңында мұнара краны құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай Түрксіб ауданында болған.

«Жас қанат» шағынауданында орналасқан «Рембус» ЖШС құрылыс объектісінде салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың парапетіне КБ-308 рельсті мұнара краны құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кранның меншік иесі - «КБК» ЖК. Шарт бойынша кран «Мелиоратор» ЖШС-не жалға берілді.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, былтыр наурыз айында «Жетысу өнеркәсіптік қауіпсіздік» ЖШС кранның мүмкіндігін, оны одан әрі пайдалануды анықтауға сараптама жүргізген.

«Сөйтіп, кранды пайдалану мерзімі 2023 жылдың наурызына дейін ұзартылды. Биылғы 11 ақпанда «Мелиоратор» ЖШС хатына сәйкес кранды ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы іске қосты. Қазіргі уақытта департаментте мұнара кранының құлауын тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз»,- деп атап өтті ведомствадан.

Еске салайық, қаңтар айында «Таугүл-1» шағынауданында құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар