Алматыда Құрманғазының құнды жәдігерлері көрмеге қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар көрмеге қойылған дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының екі ғасырға жуық тарихы бар домбырасымен таныса алады, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде үш күндік көрме ашылды. Көшпелі көрмеге Ресейдің Астрахань облысы Алтынжар ауылында орналасқан «Құрманғазы атындағы мәдени орталық» қорында сақталған күйші домбырасының көшірмесі мен Құрманғазының төл шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасы әкелінген.

Сонымен қатар, алматылықтар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы Құрманғазының дара ауыз мылтығы мен шәкірті Дина Нұрпейісованың белбеуі, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Дина апамыздың қамзолы, ХІХ ғасырдағы көне зергерлік бұйымдар қойылды.
null 

Аса құнды жәдігерлер бүгін салтанатты түрде Ықылас атындағы музейге табысталмақ.

Мәдени шара  қазақтың күй өнерінің шебері Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай өткізіліп отыр.
null 

«Құрманғазы - тек біздің ғана рухани мұрамыз емес, бүкіл әлемге танылған тұлға. Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтуде. Осыған орай Астраханьдағы Құрманғазы атындағы мәдени орталық пен Орал, Атырау өңірлерінен тарихи өлкетану музейлерінің ұжымын шақырып отырмыз. Біздің мақсатымыз  осындай мәдени шаралар арқылы Құрманғазының 200 жылдық мерейтойының мазмұнын аша түсу. Біздің басты міндетіміз Құрманғазы шығармашылығын, домбырасын, шәкірттерінің мұрасын, халыққа қалдырған күй мұрасын жиынтықтай отыра насихаттау, дәріптеу, жаңғырту ұрпақ санасында сақтауға барынша үлесімізді қосу болып табылады», - деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова.
null 

Айта кету керек, аталған іс-шара Алматы әкімдігінің, қалалық Мәдениет басқармасының қоладуымен өткізіліп отыр.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар