+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

2020 жылғы 20 қараша 13:04
Бөлісіңіз:
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамыту керек - Қырымбек Көшербаев Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды

Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақ сынайды.

Еркін күрес шеберлері 20-22 қараша күндері боз кілемге шығады. 20 қарашада 57, 61, 86 салмақтағы балуандар чемпиондарды анықтайды. Ал 21 қарашада 65, 70, 97 келі салмақтағы балуандар белдессе, 22 қарашада 74, 79, 92, 125 келі салмақтағылар шеберлік байқасады.

Әйелдер күресінен 23 қарашада балуандар алдымен 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақта іріктеу кезеңінде бақ сынаса, одан кейін жартылай финалда және финалда кездеседі.

Грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша күндері бозкілемде бәсекеге түседі. Атап айтқанда, олар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келі салмақта жүлдеге таласады.

Qazsport телеарнасы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының соңғы екі жарыс күнін 25-26 қараша күндері көрсетуді жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT