Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрестен Азия чемпионаты - Азия елдеріне арналған еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтетін құрлықаралық біріншілік. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастсрылуда.

2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасындағы Азия чемпионаты және Әлем чемпионаты өткізілді. Сайысқа әлемнің ең үздік спортшылары ат салысты. Қазақстан ұйымдастырған жарыс Біріккен Күрес Әлемі өкілдері тарапынан жоғарғы бағаға ие болды. Спортшылар грек-рим күресінен іріктеуде мынадай салмақ категорияларымен сынға түседі: 60-67-77-87-97-130kg, еркін күрестен - 57-65-74-86-97-125kg, әйелдер күресінен - 50-53-57-62-68-76 kg.

Еркін күрестен Азия чемпионатындағы салмақ категориялары: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125kg, грек-рим күресінен - 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130kg, әйелдер күресінен - 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 kg.

Сайыстар сәуірдің 13-17 аралығында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді.


Соңғы жаңалықтар