Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды
2022 жылғы 7 шілде 13:33

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді.

«Алматы қаласының әкімдігі тарапынан офлайн форматта құрбандық шалуға және мал сатуға рұқсат етілген қала аумағында арнайы 13 орын бекітілді»,- дейді Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби.

Атап айтар болсақ, Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті;

- Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті;

- Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті;

- Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары;

- Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;

- Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті.

Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

Бұған дейін Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Фото: islam.ru
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT