Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы билігі құрбандық шалуға рұқсат берілетін орындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ислам күнтізбесіне сәйкес, 2019 жылы Құрбан айт мерекесі 11 мен 13 тамыз күндеріне белгіленген.

Алатау ауданында:

1. «Бекет ата» мешіті (Шаңырақ-1ы/а, Өтемісұлы көшесі, 109);

2. «Әскер ата» мешіті (Әйгерім-1 ы/а, В. Бенберин көшесі, 18 А);

3. «Мырзахмет» мешіті (Қарасу ы/а, Солтүстік айналым көшесі, 60);

4. «Алғабас» мешіті (Алғабасы/а, Ақбөпе көшесі 2),

5. «Көк-Қайнар» мешіті (Көк-Қайнар ы/а, Жангелдин көшесі, 2 Б);

6. «Д. Қонаев» мешіті (Ақбұлақ ы/а, Қаратоған көшесі, 10).

Мал сатылатын және сою орны:

7. «Үшқоңыр» базары (Солтүстік айналым көшесі).

Әуезов ауданында:

1. «Таугүл» мешіті (Таугүл-3ы/а, Центральная көшесі,9);

2. «Сауран-Ислам мәдени орталығы» қайырымдылық мекемесі (№2ы/а, 20А);

3.«Таугүл» қайырымдылық мекемесі (Таугүл-3ы/а, Центральная көшесі, 1Б);

«Алматы Сайран» қайырымдылық мекемесі (Өтеген батыр көшесі, 78/80).

Бостандық ауданында:

1. «Бақыткелді» мешіті (Хан Тәңірі ы/а, Дулати көшесі,27);

Жетісу ауданында:

«Әл-Мадина»мешіті (Жұмысшы ауылы ы/а, (Рабочий поселок) Федоров көшесі, 12);

1. «Ic-commerse» ЖШС пункті (Төретай көшесі, 93 А).

Медеу ауданында:

1. «Алматы қаласының орталық мешіті» (Пушкин көшесі, 16);

2. «Райымбек батыр» мешіті (Думан ы/а, Хан тәңірі көшесі, 1);

3. «Үміт ибн әл-Хаттаб» мешіті (Таулы қырат ы/а, Жуков көшесі, 36);

4.«Фатима» мешіті (Добролюбов көшесі, 138);

5. «Аманқұл-ата» мешіті (Көктөбе ы/а, Әзірбаев к-сі, 1);

6.«Медеу» қайырымдылық мекемесі (Байтасов көшесі, 15).

Мал сатылатын орын:

7.«Райымбек батыр» мешітіне қарама-қарсы, Талғар тас жолының бойында (Думан ы/а, Хан тәңірі көшесі, 1);

Наурызбай ауданында:

1. «Қалқаман» мешіті (Қалқаман-2 ы/а,Аспендияров көшесі, 84);

2. «Таусамалы»(Таусамалы ы/а, Қонаев көшесі, 2);

Мал сатылатын орын:

3. «Ди» кешені жанындағы алаң (Жандосов көшесі, 2).

Түрксіб ауданында:

1. «Қайрат» мешіті (Қайрат ы/а, Тәттімбетов көшесі, 1/1) құрбан шалуға оұқсат беріледі.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында белгіленбеген және бекітілмеген жерлерден басқа жерлерде құрбандық шалуға және мал сатуға тыйым салынатынын ескертті.

Бұлай болған жағдайда ҚР ӘҚБК 204 бабына сәйкес, ескерту жасалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Егер бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар