Алматыда қурай шөптің өртену оқиғалары көбейген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда қурай шөптердің өртенуі белең алып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 наурызда Түрксіб ауданында Асылбеков көшесінің бойындағы жарты гектарға жуық құрғақ шөп өртеніп кетті.

«Өрт сөндірушілер өрттің ары жайылуының алдын алды. Біз адамдарды өрт қауіпсіздігінің ережелерін ұстануды сұраймыз. Жекеменшік үйлердің тұрғындарын құрғақ шөп пен өртенетін қоқыстан тазалауға шақырамыз. ШОБ нысандары басшыларынан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеміз»,- деді департамент өкілі Арман Байгелов.

Жыл басынан бері Алматыда 26 рет шөп өртену оқиғасы тіркелген.

Демалыс күндері ТЖД өкілдері 12 мың тұрғын үйді аралап, 13 мың жаднама таратқан.

Соңғы жаңалықтар