Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар