Алматыда күніне 200-ден астам студент вакцина салдырады – Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполисте студенттерге вакцина салу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген студент белсенді түрде вакцина алуды оқу жылы басталмай тұрып-ақ бастап кетті. Мысалы, маусым айында бірінші компонентін 4 676 адам, шілдеде 7 872 студент, тамызда 4 733 адам салдырды. Күн сайын 200-ден астам студент вакцина алады»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол студенттер вакцина алу арқылы өздерін ғана емес, жақындарын қауіпті аурудан қорғайтындарын жақсы түсінетінін атап өтті.

«Студенттер мен екпе салдыруға тілек білдіруші тұрғындар Алматыдағы 160 екпе орталығының біріне жүгіне алады», - дейді Жандарбек Бекшин.

Спикер жақын арада Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакциналау басталатынын айтты. Қазіргі уақытта ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 180 мың дозасын сатып алуға өтінім берілді.


Соңғы жаңалықтар