Алматыда құндыз тон ұрлаған әйелдің бас бостандығы шектелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел бөтен біреудің құндыз тонын рұқсатсыз алып кеткені үшін бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Зорге көшесінде орналасқан «Март Village» сауда үйінің екінші қабатында болған.

Әйел орындық арқалығында тұрған құны 160 000 теңге болатын құндыз тонды алып тайып тұрған.

Тон иесі қайтып оралғанда сырт киімін таппай қалған.

Кейін жәбірленуші қалалық ІІД-ге арызданған.

«Сот отырысында күдікті келіншек өз кінәсін толығымен мойындады. Судья оны ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша айыпты деп тауып, 1 жыл 3 айға еркіндігін шектеу туралы үкім шығарды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар