Алматыда күн сайын 866 арнайы техника мен 1413 жұмысшы көшелерді тазалайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тәулігіне 5 мың текше метр су жолдар мен тротуарларды жууға кетеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда жолдар негізінен түнде немесе таңертең жуылады. Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейді және автокөлік дөңгелектерінен қоқыстың таралуын азайтады. Жолдар мен тротуарларды жуу үшін әмбебап техника қолданылады.

Күн сайын 1 400 жол жұмысшысы қаланы сыпырып, тазалайды, сүртеді.

«Мен бұл жұмысты қала тұрғындары мен қонақтары бағалағанын қалаймын. Көшелерде қамтамасыз етілетін тәртіп пен тазалық қала тұрғындарының өздерінен ұқыпты қарым – қатынасты талап етеді», - деп санайды коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Ашкенов.

Айта кетейік, күн сайын қала көшелерінде 866 бірлік арнайы техника, 1413 жол тазалаушы жұмысшы жұмыс істейді.

Олар 2318 көше немесе 2706 км жол, 1303 км тротуар тазалайды, күн сайын 90 тонна қоқыс шығарады.

Сондай-ақ, 1167 км арықтарды 60 бірлік арнайы техника мен 300 жол жұмысшысы тазалайды.


Соңғы жаңалықтар