Алматыда құмар ойын ұйымдастырушылар ұсталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ставкалары мен ақшалай ұтыстарды көздейтін құмар ойын (астыртын казино) түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді.

«Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды», - деп жазды департаменттен.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар